Азғыр өңіріне көгілдір отын жетті
Мұнайлы өңірде елді мекендерге көгілдір отын жеткізу он жыл бойы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Биыл облыс орталығынан 600 шақырым қашықта жатқан Құрманғазы ауданына қарасты 48 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді. Бағасы 9 миллиард теңгеден асатын кешенді жоба 2016 жылы басталған болатын. Азғыр өңіріндегі құбыр құрылысы толық аяқталып, 16 мыңнан астам тұрғын табиғи отынның игілігін көре бастады.
Бауыржан Тұхфатов, облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:
– Облыста 155 елді мекен болса, оның 136 елді мекені газбен қамтылған. 19 шағын ауыл бар. Олар келесі жылдары өзінің кезегімен газбен қамту жұмыстары жүретін болады. Жалпы айтсақ, халық санымен шаққанда облыс бойынша 99,2 процент газбен қамтылған.