Оралдағы мейрамхана қожайындары жергілікті биліктен қайта жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрады
Көбісі несиелерін төлей алмай, әлек болып жүр. Санитар мамандар тойханаларды дәмхана ретінде пайдалануға кеңес берген. Алайда кәсіпкерлер оған келіспейді. Ғимараттары салтанатты шараларға ғана арналғанын алға тартып отыр. Бизнес субъектілері қала әкімімен кездесіп, арыз-талаптарын жеткізді. Дегенмен олардың уәжі қанағаттандырылмады.
Жеміс Сәрсенғалиева, кәсіпкер:
– Банкке бәрі барып жүр осылардың барлығы. Бәрінде просрочка. Миллиондаған қаржы төлейміз, айына миллион жарым төлейтін ресторандар бар. Жаңа жылдың алдында халыққа бір мүмкіндік беру керек деп ойлаймын.
Абат Шыныбеков, Орал қаласының әкімі:
– 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында еліміз бойынша карантиндік шараларды күшейту қабылданған, сондықтан қазір ресторандарымыз бен тойханаларымызға мерейтойлық, не болмаса корпоративтік шаралар өткізуге мүмкіндік жоқ. Әртүрлі бағдарламалар арқылы көмектер көрсету жөнінде ұсыныстарды Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, тиісті органдарға жеткізіп, қолдау мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз.