Қостанайда жаңа қазандық іске қосылды
Жаңа қазандықтың ашылуымен осында тұрақты жұмыс тапты. «Қолмен көмір салғаны болмаса, қалған процесі толық автоматтандырылған», –дейді ол.
Азат Айтбаев, от жағушы:
– Жұмысы оңай басқалардікіне қарағанда. Механизмдердің барлығы автоматты түрде ғой. Барлық жағдай жасалған. Тамақ ішетін жер бөлек, жататын жер бөлек, жуынатын жер бар.
Жаңа қазандық аудандық аурухананы, бес әкімшілік ғимаратты, бес көппәтерлі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бұған дейін әрқайсысының жеке қазандығы болған. «Оларға кететін шығынды есептемегенде, жарытып жылу бергені де шамалы еді», – дейді жергілікті тұрғындар.
Рыскүл Тасқұмбаева, Қарамеңді кентінің тұрғыны:
– Ескі қазандықпен жылытылған соң, үйлеріміз салқын болып еді. Қазір жаңа қазандық іске қосылып, екі айдан бері үйіміз жылы.
Былтыр осы мезгілде басталған құрылыс биыл күз айлары аяқталды. Жобаға 400 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Жұмыс істейтін орындары, жуынатын, тынығатын бөлмелері бәрі талапқа сай жабдықталған. Ал қазандықтың жылумен қамту аумағын әлі де кеңейтуге мүмкіндік бар.
Мұратбек Қарымсақов, Науырзым аудандық Коммуналдық кәсіпорнының директоры:
– Негізі бұл қазандықтың қуаты 20 мың шаршы метрге дейін жетеді. Сол әлі мынау жекеменшік үйлерді қосуға, жақын маңайлардағы қосу жобада бар. Алдағы уақытта балабақша салынады деген ойда бар. Соларды қосуға жобада бар.
Қазандықтан тыс тұтынушыларға жаңадан жылу құбыры тартылды. Әзірге оның ұзындығы – 2 мың метр.
Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг