Павлодарлық волонтерлер «Аяз Ата поштасы» акциясын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды
Жыл сайын осы кезеңде волонтерлер «Аяз Ата поштасы» акциясын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты қоғам белсенділері акция туралы әлеуметтік желілерде жариялады. Қайырымды шара 2 мен 8 жас аралығындағы балаларды қамтиды. «Мейірімділер клубы» мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер мен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетуде. Демеушіліктің бұл түрі Жаңа жыл қарсаңында үлкен қызығушылыққа ие.
Гүлзат Рахметулова, «Аяз ата поштасы» жобасына қатысушы:
– «Мейірімділер клубының» арқасында ұлыммен бірге Аяз Атаға хат жазған Айдана есімді қызбен таныстым. Олар өздері армандап жүрген сыйлық туралы жазған екен. Менің де кішкентай ұлым бар. Оларды қуантқым келді. Қалыптасқан қиындықтарға қарамастан балалардың арманы орындалуы керек деп ойлаймын.