Хабар телеарнасы

«Ретро шырша» көрмесі тұрғындардың көзайымына айналды

Өйткені мұнда нағыз жаңажылдық көңіл күй. Ретро шыршалардың көрмесіне ескі жылдардағы әртүрлі ойыншық түрлері ілінген. Шыршалардағы әртүрлі ертегі кейіпкерлері мен жеміс-жидектердің алуан түрлері және жануарлардың мүсіндері көздің жауын алады. Ал 50-жылдардағы неміс және чех ойыншықтарымен безендірілген шыршаны айналып өту мүмкін емес. Әскери шыршадағы ойыншықтардың көбі Екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты. Қиын кезде ойыншықтар қымбат және оларды тасымалдау қиын еді. Сондықтан ойыншықтар мата, жеміс, көкөністер мен жаңғақтан жасалды. Көрмеге қойылған бұл ойыншықтарды қазір дүкенде таппайсыз. Мұндағы әр ойыншықтың тарихы мен мән-мағынасы тереңде жатыр. Қолтырауын Гена, дәрігер Айболит және Алтын балықты да осы көрмеден кездестіре аласыз.