Ақтөбеде дәстүрлі гипске балама жасалып жатыр
3D принтермен жасалынатын заманауи дәке қол немесе аяқ сүйектерінің сынығы кезінде қолданылатын болады. Бұл медициналық бұйымдардың дәстүрлі гипстен айырмашылығы –қыздыру арқылы кез келген пішінге келтіруге болады. Салмағы жеңіл, гипстен қарағанда анағұрлым берік. Торкөзді лонгеттер адам терісінің ойылмауы үшін ыңғайлы.
Бұрын-соңды елімізде мұндай дәке басып шығарылмаған. Сондықтан ғалымдар әзірге жаппай өндірістің болмайтынын, санаулы үлгісі жергілікті аурухананың травматологиялық бөліміне берілетінін атап өтті.
Самат Сапарбаев, М.Оспанов атындағы БҚМУ проректоры:
– Біздің ғалымдар қазір жаңа лонгеттердің сапасын зерттеуге кірісті. Егер үмітіміз ақталса, Қазақстанның тәжірибелік медицинасында үлкен жаңалық болғалы тұр. Себебі біздің пайымдауымызша, бұл лонгеттердің дәстүрлі гипстен артықшылығы көп. Мәселен, бұрынғы дәкелердің салмағы 1,5 келіге дейін жететін болса, бұл – 50 грамм ғана. Балалар үшін де жеңіл. Тері де ойылмайды. Қол-аяқ сүйектері таңылады.