Жамбыл облысында ауылды жерде диагностикалық орталық ашылды
Магнитті-резонансты томография, цифрлық рентген, компьютерлік томография сияқты заманауи аппараттармен жабдықталған. Бұл індетті алғашқы кезеңінде анықтап, дер кезінде медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді. Күніне 120 адамды қабылдауға қауқарлы. Сапалы медициналық қызметті тек Меркі ауданының жұртшылығы ғана емес, төңіректегі Шу, Тұрар Рысқұлов, Қордай аудандарының да халқы ала алады. Бұл облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекен тұрғындарын қуантып отыр.
Мәди Бейсенов, дәрігер:
- Мұның бір артықшылығы біздің ауыл тұрғындары облыс орталығына кезек күтетін. Қазір ауыл тұрғындарына қолайлы болды. КТ мен МРТ-ға түседі. 10-15 минут ішінде біз ауыл тұрғындарына нәтижесін беруге мүмкіншілігіміз бар. Біз анықтап, оны дәрігерлерге жібереміз.