Коронавирус пандемиясы сайлауға кедергі емес
Оған сәйкес сайлау учаскелерінің барлық мүшесі міндетті түрде медициналық бетперде тағып жүрулері тиіс. Кейін оны әрбір үш сағат сайын ауыстырулары қажет. Сонымен қатар 1,5-2 метр арақашықтықты сақтап, антисептиктерді пайдаланулары керек. Қол алысуға да болмайды. Тағы айта кету керек, дауыс беру кабиналарында перделер алып тасталады. Мамандардың айтуынша, бұл коронавирус инфекциясының таралуына жол бермейді. Ал жасырын дауыс беру құқығы толығымен сақталады. Тағы бір өзгешелік эпидемиологиялық ахуалы нашар өңірлерге қатысты. Сары және қызыл аймақта орналасқан облыстарда барлық сенімді өкіл байқаушылар ПТР-тест тапсырулары қажет. Анықтама бес тәулікке жарамды.