Аягөз қаласындағы кембағал балаларға арналған әлеуметтік орталықта 5 бүлдіршін аяғынан тұрды
Дегенмен орталыққа қабылданған соң ондағы түрлі мамандар толық медициналық тексеруден өткізеді. Одан соң ұзақ уақыт жасалған ем-дом және түрлі дене жаттығулар өз нәтижесін берген. Бүгінге дейін денсаулығы жақсарып, өз бетінше жүріп-тұра алатын бірнеше баланы өз ата-анасы алып кеткен.
Орталықта тек биыл оңалған 5 баламен дене шынықтыру нұсқаушысы Жайдарбек Құйқалақов үздіксіз жаттығу өткізген. Қазір үшеуі өз бетімен жүріп-тұрып, тіпті тамақтанады.
Жалпы бүгінде Аягөз арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 105 бүлдіршін бар. Көбісі – туғаннан кембағал. Қазір 20-ға жуық бала төсекке таңылған.
Жайдарбек Құйқалақов, дәрігер-нұсқаушы:
– Мысалы, баланың аяқ-қолы, буындары, бұлшық еттері, сіңірлерінің төзімділігін және дене бітімдерін тұлғасын дұрыстап отыруға, төрттағандап еңбектеуге, икемдеп тұрып жүруге емдік жаттығулар жасадық. Бір баламен тоқтап қалмаймыз. Күнделікті жұмыс жасаймыз. Күнделікті балалар жатады ғой. Күнделікті арнайы мамандар массаж жасайды.