Петропавл хирургтары миға күрделі операция жасай бастады
Бұған дейін медициналық мекеменің бірнеше маманы арнайы оқытудан өткен. Емханаға соңғы үлгідегі ангиограф қондырғысы орнатылды. Құрылғының 3 және 4D модельдеу функциясы бар. Оның көмегімен мидағы бітеліп қалған қан тамырларын дәл анықтауға болады.
Айта кетейік, бұл операция еш наркозсыз әрі тіліксіз жасалады. Бұрын аймақ тұрғындары осы операция үшін Нұр-Сұлтан қаласына немесе Ресейге жол тартатын.