Зейнетақы жинағының бір бөлігін жеке компанияға беруге болады
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігі хабарлады. Қаражаттың шекті көлемін жыл сайын ел Үкіметі белгілейді. Инвестиция ретінде ұсынылатын қаржы салымшы зейнет жасына жеткенге дейін компанияның иелігінде болады. Кейін БЖЗҚ қайтарылады. Салымшыда таңдау бар. Ол қаржысын жылына бір рет, бір компаниядан екіншісіне аударып отыруға құқылы. Еске салсақ, өткен жылдың соңында елдегі зейнетақы қорына 122 млрд теңге салым түскен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазір қорда 13 трлн теңге бар. Соның 2,5 трлн-ы қордағы қаржының бір бөлігін алуға жұмсалады.