Түркістан облысындағы эпидахуал ушығып тұр
Жыл басынан бері өңірде 327 адамнан қауіпті індеттің белгілері анықталған. Әсіресе, Созақ ауданында эпидахуал алаңдатарлық. Онда COVID-пен ауырғандар саны 90-ға жетті. Одан кейінгі орында Сайрам мен Мақтаарал аудандары тұр. Қазір қауіпті індет жұқтырғандардың барлығы ем қабылдап жатыр. Олармен байланыста болған 500-ге жуық адам дәрігерлердің бақылауында. Жалпы Түркістан облысында мыңға жуық инфекциялық және карантиндік төсек-орын дайындалған. Олардың төрттен біріне науқастар жайғастырылған. Сонымен қатар өңірде дәрігерлер халықты вакцина салуға дайындап жатыр.
Марат Пашимов, облыстық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- 1 ақпаннан бастап вакциналауды бастаймыз. Ең алдымен қауіпті аймақта жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне екпе жасалады. Олар – инфекциялық госпитальде жұмыс істейтін қызметкерлер. Кейін жедел жәрдем қызметкерлері мен санитарлық сала мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкрелері қамтылады. Әрі қарай бізде есепте тұрған науқастар вакцина алады. Республикалық бюджеттен сатып алғандықтан, вакциналар тегін салынады.