Хабар телеарнасы

Елімізде Kinopark және Kinoplex тағы бір кинотеатр ашты

Алматыдағы 9-бөлімше «Глобус» сауда және ойын-сауық орталығында орналасқан.

Kinopark 4 деп аталатын кинотеатр көрерменге есігін ашты. Бұл – ірі кинотеатрлар желісінің Алматыдағы тоғызыншы бөлімі. Жаңашылдықтары да аз емес. Мысалы, мұнда бұрынғыдай касса жоқ. Билеттер онлайн сатылады. Кинозалдар соңғы үлгідегі заманауи техникамен жабдықталған. Сапалы техника көрерменді керемет әсерге бөлейді. Сондай-ақ келушілерге алғаш рет кинотеатр желісінің бренді «Tiger food» ас мәзірі таныстырылды.

Абдрашид Рахметов, Kinopark және Kinoplex кинотеатрлар желісінің атқарушы директоры:

- Бұл кинотеатрда төрт зал бар және бір уақытта 533 адам көре алады. Бұрынғы кинокасса дегенді алып тастадық. Сонымен бірге біздің «Tiger food» деген жаңадан бизнес жобамыз бар.

Kinopark 4 кинотеатрының ашылу салтанатына өнер саласының өкілдері де қатысты. Олар кинотеатрдың жұмысына сәттілік тіледі. Өнер иелерінің айтуынша Kinopark кинотеатрлар желісі отандық фильмге басымдық берген. Сонысымен көрерменге де, кино саласының мамандарына да жақын.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Жалпы Kinopark кинотеатрының Қазақстан киносына, біз сияқты продюсерлерге, актерлерге, киноиндустрияға әкеліп отырған пайдасы өте үлкен. Қазақша киноларға ерекше көңіл бөледі. Көрсетуге де көп уақыт береді. Сондықтан Kinopark ашылуы бізге жақсы.

Жаңа кинотеатрда Kinopark желісінің барлық жеңілдігі қарастырылған. Айта кетейік, бұл Kinopark және Kinoplex кинотеатрлар желісінің еліміздегі 22-кинотеатры. Оларда жалпы саны 135 кинозал бар.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Радик Жакупов