Балалардың ел ішіндегі демалыс орындарына ұшақпен баруы субсидияланады
Осыған қатысты тиісті түзету «Туризм қызметі туралы» Заң жобасына енгізіліп, республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдау тапқан. Бүгін бұл жайында Президенттің қабылдауында болған Мəдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы секілді даталар ел деңгейінде аталып өтілмек.
Сондай-ақ министр президентке Токио Олимпиадасына дайындық, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізу барысын баяндап берді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге идеологиялық, тәрбиелік маңызы зор жұмыстарды және цифрландыру бойынша қолға алынған бастамаларды сапалы жалғастыруды тапсырды.