Павлодардағы құбыр жарылысынан 20 үй сусыз қалды
Қаланың коммуналдық қызметі ақау табылған су құбырындағы бекітпені ауыстырып жатыр. Кеше түнде 500 милиметрлік желі шыдас бермей, су бірнеше көшеге жайылған. Кейін жақын маңдағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріне кірген. Нәтижесінде 37 көпқабатты үй мен тағы сегіз ғимарат жүйеден ажыратылды. Ал таңертең 20-ға жуық нысанға су берілді, бірақ қысымы төмендеп кетті. Қазір төрт үйде су жоқ.
Гүлназ Татиева, қала тұрғыны:
- Далада бір сағат күтіп қалдым. Үйіме кіре алмай, қатты тоңдым. Кейін мамандар келіп, пәтеріме кіруге көмектесті.
Салтанат Әкімбекова, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Қазіргі уақытта ақау орнындағы асфальт төсемесі алынды. Құбырдың камерасындағы қираған бекітпе қайта монтаждалуда. Жабдық жаңасына ауыстырылады. Жұмыстардың барлығы бүгін аяқталуы тиіс.