Қарағандыда «Спутник-V» вакцинасы шығарыла бастайды
Ал мамыр айына дейін көлемі 2 миллион дозаға жетеді. Қазір кәсіпорын вакцинаны шығару мен сақтау жұмыстарына дайындалып жатыр. Препаратты ресми тіркеу жұмыстары да жалғасуда.
Екпенің негізгі бөлігі Ресейден 14 күн ішінде жеткізіледі. Арнайы фармакологиялық тәртіппен жүзеге асырылатын тасымалдың өзіндік шығыны бар. Негізі алғашқы партия ақпанның бел ортасынан бастап шыға бастауы керек еді, алайда дәріні сертификаттау процесі созылыпты. Сондықтан осы айдың соңына дейін күтуге тура келеді. Вакцинаны тасымалдау мен сақтаудың да қатаң тәртібі бар.
Сергей Барон, фармацевтикалық кешеннің бас директоры:
- Бұл вакцинаның технологиялық ерекшелігі мен қиындығы – әркез салқын температураны сақтап тұру керек. Ол үшін біз кейбір бөлімдерді қайта жасақтап, қосымша құрылғылар сатып алдық. Дәріні жасау барысында жеті сағат сұйық күйде ұстауға болады. Осы кезде барлық лабороториялық шараны жасап үлгеру керек. Кейін оны қатырып, тек пациентке егетін кезде еріту керек.
Маусым айына дейін кәсіпорын 2 миллион дозаға дейін өнім шығармақ.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:
- Қарағандылық дәрігер көшпелі контейнердің 100 данасын сатып алған. Онда ауа температурасын анықтайтын құрылғы бар. Егер температура тиісті деңгейден төмендесе, ішіндегі компонентті жою керек болады.
Дәрінің сапасын бақылау екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы Ресейде, екіншісі Қарағандыда өтеді. Тек осы процеске 20 тәулік уақыт кетеді. Рұқсат берілген соң, тауар декларацияланып, қатырылып, емханаларға жеткізіледі.
Владимир Фольмер, өндіріс жөніндегі директор:
- Біздің кәсіпорында адамдарға қауіп жоқ. Себебі біз дайын өніммен жұмыс істейміз. Ал вирустармен сынама жұмыстарының барлығы Ресейде жүргізілген. Біз вирустарға қарсы салыстырмалы жұмыс жүргізбейміз. Қазақстанда ешбір кәсіпорын тірі вирустарға қарсы сынама жүргізуге дайын емес.
Қарағандылық зауыт тәулігіне 150 мың доза вакцина шығаруға қауқарлы. Екпенің жарамдылық мерзімі – 6 ай. Егер дайындау не тасымалдау кезінде штаттан тыс жағдай болып, препарат еріп кетсе, мұндай вакцина жарамсыз болып есептеледі.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев