Сoca-Cola Kazakhstan компаниясы пандемия кезінде ШОБ өкілдеріне қолдау көрсетті
Керісінше шағын және орта бизнеске қолдау көрсетті.
Сусын өндіруші компания қиын-қыстау кезеңде алдымен ауруханаларға, сосын Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы блокбекет қызметкерлеріне жәрдемдесті. Яғни жүйелі түрде сусындар жеткізіп отырды. Сондай-ақ мыңдаған мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратып, көпшіліктің алғысын алды.
Пандемияның алғашқы күндерінен бастап Сoca-Cola Icecek Kazakhstan компаниясы қайырымдылық жасап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қауіпті індет бизнеске де өз ықпалын тигізгені белгілі. Сондықтан Сoca-Cola Kazakhstan да біраз кедергілерге тап болды. Дегенмен «Береке басы – бірлік» деген ұран ұстанған бұл компания көптеген қиындыққа қарамастан жәрдем жасауды жолға қойды. Сол уақытта дәрігерлерге ауадай қажет болған қорғаныс костюмдері мен басқа да медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 130 млн теңге қаражат бөлді.
Эрдинч Гюзель, CCI Қазақстан бас директоры:
- Біз Wolt және Chocofood секілді платформалармен бірлесе жұмыс істейміз. Арнайы жоспар құрып, сол бойынша аз қамтылған отбасылар мен дәрігерлер ыстық тағамдарға тапсырыс беруге мүмкіндік алды. Яғни олар тамақ құнының 50% төлесе, 50% Coca-Cola төледі.
Елімізде індет етек алған тұста шағын және орта бизнес те тұралап қалды. Осы кезде Қазақстандағы Coca-Cola кәсіпкерлерді қолдау үшін қол ұшын созып, 180 млн теңге бөлді.
Эрдинч Гюзель, CCI Қазақстан бас директоры:
- Біз жүздеген мың литр суды кішігірім кафелерге және мейрамханаларға тегін тараттық. Сондай-ақ сауда орталықтарымен серіктестік орнатып, тұтынушыларымызға азық-түлік пен тағам жеткізу жағынан көмектестік. Барлық шығынды компания өз мойнына алды. Серіктестерімізбен бірлесе отырып, дәрігерлер мен мұқтаж жандарды түскі аспен қамтамасыз еттік.
Айта кету керек, әлемдік дағдарысқа қарамастан Сoca-Cola Icecek Kazakhstan компаниясы барлық жұмыс орнын сақтап қала алды және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасады.
Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев