Nur.kz порталында «Халық дауысы-2021» жобасының 4-маусымы өтіп жатыр
Nur.kz порталында «Халық дауысы-2021» жобасының 4-маусымы өтіп жатыр. Бұл – ел тұтқасын ұстағандарға қазақстандықтардың сенім дәрежесін көрсетуге арналған алаң. Онлайн дауыс берудің ережесі қандай?
Дауыс беруге қатысу өте оңай. Бар болғаны Nur.kz порталының басты бетіндегі «Голос народа» бөліміне өту керек. Мұнда «Ең белсенді әкім», «Ең белсенді министр», «Мемлекеттік қайраткер» және «Ұлттық компания басшысы» деген төрт аталым ұсынылған. Қазақстандықтар әрқайсысына оң немесе теріс, яғни лайықты бағасын бере отырып, азаматтық ұстанымын еркін білдіре алады.
Әлішер Ақылбек, Nur.kz порталы Мемлекеттік органдармен жұмыс істеу департаментінің аймақтық директоры:
- Мемлекетіміздің әрбір азаматы өз ойын ашық түрде мемлекет өкілдеріне көрсете алады. Мемлекет өкілдеріне де бұл – үлкен мүмкіндік. Яғни өзінің жұмысын халық қалай бағалайтынын көріп, түсіне алады. Осы біздің негізгі мақсат болып саналады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, үздіктерді іріктеу жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі. Ал таңдау жасауға қазақстандықтар онлайн режимде қатысады.
Әлішер Ақылбек, Nur.kz порталы Мемлекеттік органдармен жұмыс істеу департаментінің аймақтық директоры:
- Порталда дауыс беру үшін әрбір адам өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тіркеліп, немесе сайттың өзінде тіркеуден өту арқылы дауыс бере алады. Яғни әрбір адам әрбір кандидатқа тек бір рет дауыс бере алады. Сондықтан оны ашық түрде деп есептейміз.
Nur.kz сайтының «Халық дауысы» жобасының 4-маусымы биыл 18 ақпанда басталды. Ал қорытындысы 13 сәуірден кейін шығады. Яғни қазақстандықтардың портал арқылы таңдау жасап, азаматтық ұстанымын білдіруге әлі де мүмкіндігі бар.
Авторлары: Зайнұр Байжігіт, Әлібек Әлиев