Еліміздегі 171 елді мекенді су басу қаупі бар
«Егер Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қар жаппай ерісе, өзендерде су тасқыны болуы мүмкін», - дейді төтенше жағдай қызметінің мамандары. Қазірдің өзінде 15 елді мекендегі көшелер мен аулаларды су алып жатыр. Десе де жауапты басшылар: «2015, 2017 жылдардағыдай аса ауқымды тасқынға жол бермейміз», - деп уәде етуде.
Серік Қожаниязов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:
- Бүгінгі күні ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 70-75% құрайды. Үлкен тасқын сулар келген жағдайда олар транзиттік режимде жұмыс істейді. Су қоймаларының жұмыс режиміне күнделікті мониторинг белгіленген. Барлық объектіде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.