Армян ұлтының өкілі Майл Тороянның арманы – қазақстандық құрылыс индустриясын әлемдік деңгейге көтеру
Олардың ішінде кәсібін дөңгелетіп, нәсібін тауып отырғандар аз емес. Солардың бірі – ірі бизнес өкілі Майл Тороян.
Екі зауыт, бірнеше ауылшарушылық кәсіпорнының құрылтайшысы Қазақстанды армандардың орындалатын мекені деп біледі.
Майл Тороянның Қазақстанмен таныстығы сонау 1975 жылы Байқоңырда әскери борышын өтеп жүргенде басталған. Сол кезде Мұрат деген досы қолқа салып, Рудный индустриалды институына оқуға түседі. Содан бергі тағдыры Қазақстанмен тығыз байланысты.
Майл Тороян, кәсіпкер:
- Бинеспен өткенғасырдың 90-жылдарынан айналыса бастадым. Еліміздің енді тәуелсіздік алған кезі, нарықтық экономиканың аласапыран тұсы. Қиындықтар болды, бірақ сол кезде-ақ Қазақстанда бизнестің дамуына алғышарттар жасалған еді.
Бүгінде оның бизнесі көпсалалы. Егіншілік, мал шараушылығын өрбітіп отыр. Одан бөлек белсенді түрде құрылыс индустриясын дамытуда. Қазір екі зауыты бар. Компанияда жалпы саны 750 адам жұмыс істейді.
Майл Тороян, кәсіпкер:
- Біздің барлық жетістігіміздің түп-төркіні ол ішкі бірлігіміз бен татулығымызда жатыр. Соның арқасында даму бар, өркендеу бар. Бірнеше этнос өкілін ортақ мүдде, ортақ мақсатқа ұйыта білген Қазақстандай ел сирек екенін мақтанышпен айта аламын.
Майл Тороянның арманы – отандық құрылыс индустриясын әлемдік деңгейге көтеру. Қазір сол бағытта алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Құрылыс бетон өнімдерін Ресейден келіп алып жатқандар бар. Көрші елдің нарығына бір-екі жылда қалайда дендеп енеміз деп отыр.
Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг