Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында «Ардагер ерлігі» жобасы қайта жанданды

Бейбіт күнді жақындатқан ержүрек батырларымыздың ерлігі ұмытылмауы тиіс, керісінше ұлықталуы керек. Осы ретте «Хабар» Агенттігі Жеңіс күніне арналған дәстүрлі жобасын қайта жалғастырады. «Ардагер ерлігі» атты арнайы жоба аясында кез келген адам Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жақынының ерлік жолы туралы айтып бере алады. Жобаға қатысу үшін әлеуметтік желілерде өз отбасыңыздың тарихы мен суреттерін жүктеп, #АрдагерЕрлігі хештегімен белгілеуіңіз қажет. «Ең жүрекжарды» деген тарихи ерлік естеліктері «Хабар» телеотбасы арналарының эфирінде көрсетіліп, арна сайтының мұрағатында сақталады.

«Хабар» ардагерлерді ешқашан ұмытпайды, әрқашан ұлықтайды!