Ораза айт намазын мешіт аулаларында оқуға рұқсат етілді
Ақпаратта діни рәсімді өтеуге жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы шыққандығы атап өтілген. Тиісінше жамағат мынадай сақтық шараларын сақтауы тиіс: дәретті үйден алып келу және бетпердемен жүру, қол беріп амандаспау, намазды арақашықтықты сақтай отырып оқу. Балалар, науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал. Ораза айты биыл мамырдың 13-не сәйкес келеді. Намаз әр өңірде күн арқан бойы көтерілген соң оқылады.