ІІМ брифингі: еліміздегі білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін тексеру мақсатында басталған жұмыстар аяқталуда
Белгілі болғандай, Қазақстандағы 7 мыңнан астам мектептің 408-і арнайы күзет агенттігінің мамандарымен қорғалады екен. Бір мыңнан астам білім ошағы орталықтандырылған бақылау жүйесі мен дабыл батырмасына қосылған. Ал 333 мектепке кіру турникет арқылы жүргізіледі екен. Оларды орнату бұрын ұсыныстық сипатқа ие болатын. Енді ол міндетті талап саналады. Жуырда білім беру мекемелеріне алып келуге тыйым салынатын қару, пышақ, пиротехникалық құралдар, аэрозольді бояу, газ балаоны тағы басқа да заттардың тізімі жасалды. Ол осы айда заңдық күшіне енеді. Қауіпті жағдай туындай қалғандағы педагогтің жасауы тиіс әрекеттеріне қатысты да арнайы нұсқаулық жасалуда.