Қарағанды облысындағы қаңырап қалған аудан қайта қалпына келтірілуде
Тұрғын үй алқабы шамамен 25 мың адамға арналған. Келесі жылдың соңына дейін 510 жалдамалы және қызметтік пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Баспананы кезекте тұрғандар, дәрігерлер мен кәсіпорындардың қызметкерлері алады.
Наталья Демина бұл екі бөлмелі пәтерді 10 жыл күтті. Осы уақыттың ішінде ол отбасымен пәтер жалдап келді. Енді бүгін Наталья өз пәтеріне қол жеткізіп, арманының орындалғанына қуанышты.
Наталья Дёмина, Саран қаласының тұрғыны:
- Көп жыл күттім. Бәрі ұнайды. Өте қуаныштымын. Балаларым жанымда, мектеп іргеде. Шағын ауданымыз қайта жанданып, басқа адамдар сияқты өмір сүреміз деген ниеттемін.
Саран қаласының әкімі бұл аймақты қалпына келтіруге толық мүмкіндік бар деп сендіреді. Биыл РТИ шағын ауданындағы 9 үйді қалпына келтіру жоспарланып отыр, оның 4-еуі жеке қаражат есебінен жүргізіледі. Компаниялардың бірі өз қызметкерлеріне баспана сатып алуда. Кезекте тұрған адамдар 300-ден астам пәтер алады. Бүгінде шамамен 900 адам өз баспанасын күтуде.
Ержан Темірханов, Саран қаласының әкімі:
- Жалпы РТИ ықшам ауданының аумағында 106 үй бар. Олардың ішінде сол тұжырымдарға сәйкес 50% қалпына келтіруге жатады. Сот арқылы заңды түрде тазартылған және коммуналдық меншік балансына өткізілген үйлер ғана қалпына келтірілуде.
Жыл сайын мұнда шамамен 9-10 үй қалпына келтірілетін болады. Мұндай қарқынмен алдағы алты жылда 50-ден астам тұрғын үй қалпына келтіріледі. Сондай-ақ мұнда балабақша мен спорт кешенін салу жоспарланған. Өнеркәсіптік база да қалпына келтіріледі. РТИ шағын ауданында жаңа өндіріс орындары да ашылатын болады.