Елімізде эпидемиологиялық ахуалға байланысты Құрбан айт мерекесін атап өту талаптары өзгерді
Жамағат айт намазы біткен соң, мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауы тиіс. Ал құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жерлерде шалынады. Яғни жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді сақтай отырып «сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн және оффлайн форматта өткізіледі. Ал «қызыл» аймақтарда шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асырылады.
Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
- Мен алдын ала кәсіпкерлерге өзімнің үндеуімді жолдаған болатынмын. Қасиетті мерекеде бір-бірімізді қолдайық. Малдың бағасын шарықтатпай, бағаны тұрақты ұстайық дедік. Бұл жерде ең үлкен мәселе – кәсіпкерлер тарапынан арнайы осы мерекені пайдаланып, қымбаттату кішкене ұяттау дүние.