QazVac вакцинасының ІІІ кезеңінің клиникалық зерттеу жұмысы аяқталды
«QazVac»-тың үшінші кезеңіне қатысты қорытынды нәтижесі оң болса, отандық вакцина туралы ғылыми мақалалар әлемнің жетекші басылымдарында жарық көрмек. Отандық вакцинаны жасауға үш мың адам қатысты.
Күнсұлу Закарья, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
- Осылайша отандық ғылымның жетістігін дәріптеуді көздеп отырмыз. Әзірге мақаланың қай уақытта, қандай журналда жарияланатыны белгісіз. Себебі бұған бірнеше ай уақыт кетеді.