Елімізде көмір тапшылығы болмайды
Оның 2 млн тоннасы коммуналық-тұрмыстық мақсатқа бағытталады. Былтырғымен салыстырғанда бұл салаға бөлінетін көмірдің көлемі 800 мың тоннаға аз. Өйткені Ақтөбе облысы мен Алматы қаласында табиғи газ тартылған. Қазір қорда жылыту маусымын қиындықсыз өткізуге қажетті көмірдің жартысы жиналды. Мамандар қатты отын тапшылығы болмайды дейді. Ал бағаны нарық реттейді.
Саят Исатов, ҚР ИИДМ Қара металлургия және көмір өнеркәсібі комитетінің бас сарапшысы:
- Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес өңірлерде көмірдің тоннасы – 5 мыңнан 19 мың арасында. Ол көмірдің сапасына, маркасына, арақашықтыққа, көмір өндірудің өзіндік құнына байланысты. Оған келесі факторлар әсер етеді: жанар-жағар май, электр энергиясы, әлеуметтік міндеттемелер, жалақы және қосалқы жабдықтар.