Бір айға созылған «Атамекен» экспедициясы аяқталды
Елордадан шыққан бірінші топ Батыс Қазақстан арқылы Оңтүстік өңірлерді аралап, Алматыға жетті. Ал экспедицияның екінші тобы Шығыс Қазақстан арқылы жүріп барды. Журналистер әр өңірдің төлқұжаты саналатын тарихи орындарда, туристік нысандарда болып, жан-жақты көрсетті. Ол туралы 15 мақала газет беттерінде жарияланды. Сапар Алматының Шымбұлақ, Көктөбе және Сақ қорғандары сынды туристік жерлерімен қорытындыланған.
Айбын Шағалақ, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерімізді, Тәуелсіздікке орай ел өңірлерінің «бұрын қандай еді, қазір қандай» деген деңгейін көрсету болды. Қорытынды жиынды әдейі осы тәуелсіздігіміздің, азаттығымыздың алтын бесігі Алматыда түйіндеп, қорытындылап отырмыз.