Су сатып алған азамат екі бөлмелі пәтер ұтып алды
Алматыда 1 шілде мен 1 қазан аралығында өткен жарнамалық акция қорытындыланды. Ақмола облысының тумасы Виктор Седышев «TURAN-ды ішіп, Нұр-Сұлтанға қоныс аудар!» атты ұтыс ойынының жеңімпазы атанды. Оған астанадан су жаңа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Ұтыс ойыны «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорынының TURAN сауда маркасымен ұйымдастырылған.
Астанадағы екі бөлмелі пәтер бір бөтелке минералды суға тең. 42 жастағы Ақмола облысының тұрғыны Виктор Седышев үшін Нұр-Сұлтандағы екі бөлмелі жаңа пәтердің құны дәл осылай бағаланды. «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорны TURAN суы арқылы BI GROUP құрылыс компаниясымен бірге ұтыс ойынын ұйымдастырған.
Виктор Седышев, ұтыс ойынының жеңімпазы:
- Мен TURAN суын үнемі ішіп тұрамын, себебі бұл су табиғи және сапалы. Жалпы табиғи өнімдерді тұтынамын. Жазда «TURAN-ды ішіп, Нұр-Сұлтанға қоныс аудар!» ұтыс ойынын көріп, бөтелке қақпақтарын жібере бастадым. Шара соңында жеңімпаз екенімді естідім. Кейін пәтер ұтқанымды білген соң жақындарыма айттым. Олар таңғалып, қатты қуанды. Міне, қазір жаңа үйдемін.
Ұтыс ойынына қатысу үшін TURAN суын сатып алып, қақпақтағы промокодты тіркеу керек. Жеңімпазды анықтау арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы кездейсоқ сандар жүйесімен таңдалған. Оған тәуелсіз бақылаушылар да қатысыпты.
Әсел Әбілханқызы, «TURAN минералды сулары» АҚ бренд-менеджері:
- TURAN минералды суын өндіретін Көкшетау зауыты жыл сайын осындай шара ұйымдастырып тұрады. Ұтысқа қытсушылар саны жыл санап артып келеді. Біз биыл «TURAN-ды ішіп, Нұр-Сұлтанға қоныс аудар!» деп ұтысқа пәтер тіктік. Шараны қорытындылап, пәтер кілтін табыстадық. Құттықтаймыз!
Сонымен қатар ұтыс ойыны қарсаңында TURAN сауда белгісімен апта сайынғы жеңімпаздарға Apple компаниясының өнімдері сыйлыққа берілді. Ұтыс ұйымдастырылған үш айда 50-ден аса адам AirPods, iPhone 12 және MacBook Air сынды құнды сыйлықтарға ие болды.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев