ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы шынайы достықтың белгісі ретінде балалар екі елдің туын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар төраға Си Цзиньпин бастаған Қытай делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.