Хабар телеарнасы

ПИК жұмысы қалай жүріп жатыр?

Бір қарағанда жап-жақсы нәтиже. «Дегенмен негізгі жұмыс әлі алда», – дейді мамандар. Себебі бұл жоспардың тек 40 пайызы ғана. Осыны ескеріп, сала өкілдері кезекті рет дөңгелек үстел өткізді. Осылайша тұрғындарға реформаны түсіндірудің тетіктерін пысықтады.

Пәтер иелері кооперативінің қызметіне қатысты жиі айтылатын шағымның бірі осы. Жылдар бойы мәселе оң шешімін таппай қойды. Үйді басқарудың жаңа түріне көшу сол үшін қолға алынған болатын. Тұрғындар әуелі оған күдікпен қараған. Бүгінде көзқарас өзгергені байқалады.  

Айтқан Райсова, қала тұрғыны:

- Үй күннен-күнге тозып жатыр. Подвал сұмдық, шатыр шұрқ тесік. Мұсор бәрін аударып тастай берген. Осындай жаңалыққа келіп жатса, әрине, КСК-дан бас тартуға тура келеді. КСК болмаса, өзіміз құрамыз. Қазір келіссөздер жүруде.

Ертерек қамданған 600 көппәтерлі үй-мүлік иелерінің бірлестігін тағы 2200 үй тұрғыны жай серіктестік құрып, баспанасын өздері басқаруды қолға алыпты. Тәртіп бойынша мұндайда төраға өз қатарынан сайланады.

Данияр Қырықбаев, Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы:

- Біз жылдың басынан 800 жиналысқа шықтық. Теледидардан, әлеуметтік желіден көрсетіп жатырмыз. Халық оны ақырындап түсініп жатыр. Ақырындап ауысып жатыр. Халықтың бәрін жинамау үшін алға жылжып, электронды жиналыстар жасауға жұмысымызды жасап жатырмыз.  

Айта кетейік, Алматы қаласы жалпы Қазақстан бойынша тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне көшу 2022 жылдың 1 шілдесінде аяқталу тиіс.

Авторы: Ердәулет Ыбырайұлы