Өскеменде бүлдіршіндерге арналған Президент шыршасы өтті
Биылғы шырша тойы кездесу дәстүрінде өтті. Бүлдіршіндерге Аяз ата мен Ақша қар Президент атынан ашықхат, кітап, ноутбук пен тәттілер таратты. Аймақта Мемлекет басшысының сыйлығына 200 бала ие болды. Ал облыс әкімінің сыйлығын 250 бала алды. Оларға да бағалы заттар табыс етілді.
Өскемендегі «Ақ Ниет» оңалту орталығындағы балалар мерекелік костюмдерін киіп, Аяз атаны тағатсыздана күтті. Келген қонақтарға өнерлерін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Даниял Ахметовтың бастамасымен құрылған ұйымда бүгінде дефектолог, педагог, психолог сынды мамандар жұмыс істейді. Бастысы нәтиже бар. Балалардың бұдан бетер жақсы оқып, компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін Президент пен облыс әкімінің атынан тәрбиеленушілерге ноутбуктер мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Ислам Баширова, оңалту орталығының тәрбиеленушісі:
- Осындай мейірімді адамдар болмаса, әлем мұншалықты әдемі болып көрінбес еді. Керемет тарту үшін алғысымды айтамын. Енді бұл сыйлықты оқу мен үйірмелерге қолданамын.
Шығыста боран. Дегенмен бұл Аяз атаның алыс ауылдарға барып, көпбалалы отбасыларды құттықтауына кедергі болмады. Мустахим Томалайдың 18 немересі, 2 шөбересі бар. Үйдің кенжелері де жаңажылдық сыйлыққа ие болды.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері спортта да үздік, оқуда да озат. Сондықтан оларға жаңажылдық сыйлық ретінде 250 ноутбук тарту етілді.
Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин