Хабар телеарнасы

Оралда қарулы адамдар ұсталды

Ішінде үш ер адам, бір әйел және сәби болған. Тексеріс кезінде жүргізуші жүксалғышты ашпай қойған. Ал жолаушылардың бірінен пышақ табылды. Тәртіп сақшылары жедел түрде көлікті полиция пунктіне жеткізуді ұйғарады. Жолда күдіктілер қашпақ болған. Алайда құтылып кете алмады. Көлікті тінту барысында бір жарылғыш зат, 12 калибрлі оқдәрі, 50-ден астам ұялы телефон, 6 планшет, 23 смарт сағат және киім-кешек табылды. Күдіктілер деструктивті діни ағымды ұстанушылар екені анықталып, олар қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Болатбек Белгібеков, облыстық ПД ресми өкілі:

- Тиісті қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы істің шеңберінде барлық тыйым салынған заттардың және басқа да заттардың алынған, шыққан жерлері анықталатын болады. Ұсталғандардың біреуінің айтуынша, бұл заттарды олар Алматы қаласында болған бұзақылық кезінде алған.