Хабар телеарнасы

Таразда азық-түлік бағасы бақылауға алынды

Қазір қалада 130-дан аса сауда орталығы жұмыс істеп тұр. Арнайы комиссия олардың әрқайсысын аралап шықты. Мақсат – бағаның негізсіз шарықтауына жол бермеу. Аймақ бойынша 1 айға жететін азық-түлік қоры бар. Базарлардың жұмысы тоқтаған жоқ. Ал газдың литрі 60 теңгеден саудаланып жатыр. Жалпы аймақтағы ауал тұрақталып келеді.

Алмас Мәдиев, облыс әкімінің орынбасары:

- 16 әлеуметтік дүкендер, ағы 16-сы облыста жұмыс істейді. Барлығы азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Бағалар өзгерген жоқ. Үш күндік запасты апарып қойдық. Жалпы бір апталық тапсырыс болады. Ешқандай проблема болмауы керек. Егер мәселе болса, кәсіпкерлік басқармаға хабарласып, шешуге болады.