Нұр-Сұлтанда 200-ден астам адам жауапкершілікке тартылды
Оның 28-і қамауға алынды. Ал жалған ақпарат таратқаны үшін үш адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары мұндай жағдайда азаматтардың жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлайды.
Айта кету керек, бас қалада 6 блокбекет қойылған.
Ержан Сәденов, қалалық полиция департаментінің бастығы:
- Төтенше жағдай ахуалында қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілген. Азаматтарды заң бұзушылықтарға жол бермей, коменданттық сағатты сақтауға шақырамын!