Ертіс өңіріндегі ахуал: комендатура жалдамалы пәтерлерді тексеруге кірісті
Мақсат – жаппай бүлікке қатысы бар деген күдіктілерді анықтап, тиісті шара қолдану. Бүгінгі таңда облыс орталығында 600-ге жуық пәтер жалға беріледі. Олардың барлығына рейд жүргізіліп, бейбіт шеру өткізу талабын бұзған 900-ге жуық азамат ұсталды. Қамауға алынғандардың қатарында көші-қон заңнамасын бұзғандар да бар.
Нұрлан Мәсімов, облыс коменданты:
- Жалдамалы пәтерлерді тексеріп жатырмыз. Себебі бұл жерлерде күдікті азаматтар тұруы мүмкін. Көші-қон заңнамасын бұзушылар да тіркелді. Шетелдіктердің облысқа келу себебін сұрастырып, құжаттарын тексердік. Арасында күдіктілер де бар. Олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.