Ерлікпен қаза тапқан курсант Мейірхан Бітім наградталды
Награда марқұмның жақындарына тапсырылды. 19 жастағы жауынгер еліміздің шекара академиясында 2-ші курс оқып жүрген еді, алайда террорлық шабуыл кезінде көз жұмды. Ақтауда аймақ әкімі мен әскерилер мемлекеттік награданы Мейірханның атасына табыс етті. Патриот ұл тәрбиелегені үшін алғыс айтып, батырдың жарқын бейнесі көпшілік жадында мәңгілік сақталатынын жеткізді.
Ержан Кезбаев, Мейірхан Бітімнің әкесі:
- 6 балам бар: 3 ұл, 3 қыз. Мейірхан екінші балам. Мемлекетімізді қорғап адалдық, батырлықпен қаза тапты. Қазақ еліне қайғыма ортақ болып жатқандары үшін алғыс айтамын.