Қызылорда облысында бүлік кезінде залал келген ғимараттарды жөндеу басталды
Олардың қатарында облыс әкімдігінің ғимараты мен көлікжайы, қала әкімдігі, облыстық және қалалық Nur Otan партиясы филиалдары, облыстық полиция департаменті, қалалық полиция басқармасы, облыстық соттар әкімшісі және жергілікті полиция қызметінің ғимараты бар. Жалпы шығын көлемі 6 млрд теңгеге жуық. Оның 1 миллиард 200 миллион теңгесі құрылыс-монтаж жұмыстары үшін қажет. Ұрланған немесе сынған техникалық жабдықтар мен жиһаздар шығыны да қосылды. Нысандардың барлығына ақау актілері жасалып, техникалық қадағалау жұмыстары аяқталды. Мердігерлер анықталды. Жобалық-сметалық құжаттамалар жасалып, сараптамадан өтеді.
Абай Тағыберген, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:
- Әрбір нысан бойынша құрылысшы мамандар бекітілді. Жалпы 9 нысан бойынша 350-ге жуық құрылысшы маман бекітіліп отыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен барлық нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары 20 ақпанға дейін аяқталуы керек.