Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды
Бұған дейін Президенттің Жарлығымен өзге де өңірлерде төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылған еді. Енді бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Қоғамдық тәртіпті күшейту, еркін жүріп тұру мен елді мекендерге кіріп шығуды шектеу шаралары да алынды. Тек Алматы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі мен террористік қауіптің «қызыл деңгейі» сақталады. Сондықтан қарулы күштер қаланы тәулік бойы күзетеді. Блокбекеттер де жұмысын жалғастырады.