Алматының Түрксіб ауданында антитеррорлық іс-шара режимі енгізілді
Операция барысында 4-6 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға қарақшылық шабуыл жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен мүшелері ұсталды.
Тұтқындау кезінде күдіктілерден тапанша, кесілген шолақ мылтық, оқ-дәрі табылды. Ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленген. Аудандағы операция түнгі 12-ге дейін жалғасады.
Жалпы бүгіннен бастап Алматыда лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жоғары «қызғылт сары» деңгейге ауысқан болатын.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
- Тұтқындау кезінде күдіктілерден қару-жарақ, тапаншалар, кесілген шолақ мылтық, оларға арналған патрондар, ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді.