Шымкенттің әуежайы тағы да сатылымға шығарылды
Бірақ бұл жолы бір ғана сатып алушыдан өтінім түскендіктен сауда сәтті аяқталған жоқ. Ол кезде әкімдік 5,2 миллиард теңгеге бағалаған әуежай қазір 500 миллион теңгеге қымбаттады. Әуежайды бұл салада кемінде 5 жылдық тәжірибесі бар адам ғана сатып ала алады. Сондай-ақ сенімгерлік басқаруға алған азамат үш жылда техникалық жай-күйін жақсартып, сыртқы қасбетін сақтауға міндеттеледі. Содан кейін ғана өз иелігіне толық өткізеді. Қазір бұл аймақтың маңынан жеке инвестор есебінен жаңа терминалдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жолаушылардың басым бөлігіне қызмет көрсететін нысан биыл пайдалануға берілуі керек. Іске қосылған күннен бастап табыстың белгілі бір мөлшерін ескі әуежай иесімен бөлісетін болады. Себебі екі арада келісімшарт жасалады.
Мұхтар Қоқанбаев, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі кезде егер әлеуетті өнім беруші біреу ғана болса да, конкурс өткен болып танылады екен. Бұл бізде Қазақстанда тәжірибеде бар. Жалпы әлемдік тәжірибеде бар. Ол жерде белгілі бір келісімсіз, яғни сенімгерлік басқарушы компания мен жаңа терминал салып жатқан инвестр арасында белгілі бір келісімсіз инвестор жұмыс істей алмайтынын біліп отыр.