Хабар телеарнасы

Қазақстан француздың атом индустриясын қолдауы мүмкін

Тұңғыш атом электр станциясының құрылысы туралы шешім қабылданған соң, Қазақстан француздың атом индустриясын қолдауы мүмкін. Бұл туралы Парижге мемлекеттік сапармен келген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді,-деп жазды Ля Фигаро. Әлемдегі геосаяси жағдай құбылмалы болып тұрғанда алдағы кезеңді дөп басу қиын,-делінген француз басылымында.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Орта державалар Қазақстан сияқты көпжақты диалогты ілгерілету, жаһандық және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өз мүмкіндіктерін пайдаланды. Белсенді, прагматикалық және теңгерімді сыртқы саяси бағытты дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқан Қазақстан барлық мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайта отырып, бұл үдеріске бұдан әрі де белсенді түрде жәрдемдесуге ниетті. Біз халықаралық аренада сөзсіз беделге және бай дипломатиялық тәжірибеге ие Франциямен өзара ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделіміз. Біз бірге тұрақты және гүлденген әлем құруға, қауіпсіз өмір сүруді, өзара тиімді ынтымақтастық пен жалпыға ортақ прогресті қамтамасыз етуге өз үлесімізді қоса аламыз.