Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері өскемендіктермен кездесті
Өскеменде дәл осы сұрақ төңірегінде келелі кездесу өтті. «Amanat» партиясы арнайы республикалық штабының мүшесі Берік Уәли Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің ұстаздарымен, професорлық құрамы және студенттермен жүздесіп, Конституцияның 33 бабына енгізілетін өзгерісті түсіндірді. Жиында педагогтар мен студенттер саяси науқан жайлы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.
Берік Уәли, «Amanat» партиясы республикалық штабының мүшесі:
- Елімізде үлкен саяси науқан жүріп жатыр. Мемлекет басшысының Жолдауында көтерген саяси реформаларлың барлығын Ата заңға енгізілетін өзгерістер қамтыған. Оның барлығы мемлекеттің дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізеді деп ойлаймын.