Атыраулық шаруалар тапсырыс берген ауыл шаруашылығы техникаларына қол жеткізе алмай отыр
Салдарынан шаруалардың қыруар қаржы төлеп қойған техникалары шекарадан шыға алмай тұр. Бұл мәселе мемлекетаралық деңгейде шешілетін болғандықтан, жергілікті биліктің құзыры жүрмейді екен.
Атыраулық шаруа Қоныс Ерманов өткен жылдың аяғында Ресейдің Ставрополь өлкесі мен Волгоград облысынан ауыл шаруашылығына қажетті техникаларға тапсырыс берген. 5 млн теңгенің дүниесі әлі қолына тиген жоқ. Амалы таусылған тауар иелері шекараға сан барғанымен, нәтиже шығара алмапты.
Қоныс Ерманов, қожалық жетекшісі:
- Өйткені сынған жағдайда өзіміз жасап, өзімізден тауып, қолдан жонып жасай қоямыз. Ресей жақын. Астрахань, Волгоград облыстары – Атырау облысы сияқты егінші облыстар. Өткенде Астраханьға барып келген сапарымызда да осы мәселе көтерілді. Енді олар көмектесеміз деп жатты.
Астрахандықтар көмектеседі. Бірақ олардың да шамасы шектеулі. Ауыл шаруашылығына қажетті тауарларды тасымалдайтын делдал компания Атырауға тыңайтқыштар мен препаратар жеткізіп беруге келіскен. Ал шектеуге іліккен техниканы қайтару оңай болмайтын сыңайлы.
Амангелді Саламат, облыстық АШБ басшысы:
- Беларусь тракторларына керек құрал жабдықтардың барлығы елімізде сатылады. Осында арнайы диллері бар. Ал Ресейден шығатын техникаларға тыйым салынып отыр. Қазір Астрахань облысының Үкіметімен күнделікті байланыс жасап, жұмыс жүргізіп жатырмыз. РФ тарапынан шектеу алынып тасталса, тауарды жеткізуді көздеп отырмыз.
Ресей Үкіметінің тауарларға салған шектеулері осы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Сондықтан шаруалар күзгі терімде де техниканың тақсіретін таратамыз ба деп алаңдаулы.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов