Ертіс өңірінде заңсыз балық аулағандар жазаланды
Балық аулауға тыйым салынған кезде 40-қа жуық дерек тіркеліп, айыппұлдар салынды. Бұл кезеңде балық ұстау түгілі өзен-көлдерде ешқандай су көлік құралдарын рұқсатсыз пайдалануға болмайды. Мамандардың айтуынша, браконьерлерден қалған 10-нан астам су маржандарын аулау құралы мен 40-тан астам синтетикалық ау тәркіленген. Сонымен қатар 150 келі балық табылды. Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын елемегендерге қатысты 144 хаттама толтырылып, олардың 20-ға жуығы соттарға жолданған. Нәтижесінде 3 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұлдар салынды. Қазіргі уақытта бұл соманың басым бөлігі өндірілді. Уылдырық шашу кезінде облыс аумағындағы су айдындарында жүргізілген тазалық шаралары барысында да бірнеше шақырымдық аулар табылған. Рұқсат етілмеген құралдардың барлығы жойылды.
Нұржан Қазтай, «Зайсан-Ертіс» облысаралық Бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
- Браконьерлер түнгі уақытта әрекет етеді. Яғни заңнаманы біле тұра балық аулайтындары бар. Кейбіреулері үшін бұл дәстүрлі кәсіпке айналып кеткен. Десе де соңғы жылдары уылдырық шашу кезінда өзен-көлге қармақ салатындар сәл азайды. Өрескел бұзушылықтар кеміді. Азаматтар көбінесе рұқсат етілмеген аулау құралдарын пайдаланғаны үшін жауапқа тартылады.