Жылу үшін артық ақша төлеген шымкенттіктердің қаржысы қайтарылады
Мәселе 27 млн теңгеде. Жылумен қамтушылар дәл осынша соманы тарифке негізсіз қосқан екен. Былтыр өңірде қысқы температура 2,5 градусқа жоғары болды. Тұтынушыларға ақшаларын қайтару кезде олардың пәтер көлемі ескеріледі.
Дархан Қайынбердиев, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы:
- Орташа есеппен бір пәтерде, екі бөлмелі пәтерде 63 шаршы метр болса, 11 теңгеден есептегенде 660 - 700 теңге әр пәтерге қайтарылу керек. Ол осы 2022 жылдың қараша айында түбіртекте бөлек анықтама арқылы көрсетіліп, қайтарылатын болады.