21:00Эфирде: Тұсаукесер! "Көзімді жұмсам да..."
23:00Әрі қарай: Телесериал. "Вторая жизнь Евы"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Алматы облысында «Әкім әйел» атты фильмінің түсірілімі басталды

  • Категория: Қоғам
Алматы облысында «Әкім әйел» атты фильмінің түсірілімі басталды

Елімізде әйел әкімдер аз емес. Солардың бірінің өмірін «Tiger Films» кинокомпаниясы фильмге арқау етіп отыр.

Алматы облысында түсіріліп жатқан туындының аты да «Әкім әйел». Картина қарапайым ауыл әйелі туралы. Мемлекеттік қызмет істеп көрмесе де, ауылдың ахуалын жақсы біледі. Өзі күтпеген жерден әкім болады. Сол сәттен бастап күнделікті үйреншікті өмірінде қызықты өзгерістер мен оқиғалар басталады.

«Әкім әйел» фильмінің түсірілім тобы дәстүрге сай картинаның аты жазылған ыдысты шағып, бір-біріне шығармашылық табыс тіледі. Фильм Жетісудың көрікті жерлерінде түсіріліп жатыр. Есік қаласы жанындағы алмабақта басталған жұмыстың негізгі бөлігі Жаркентке жақын жердегі Қоңырөлең ауылында жалғасады. Оқиға өмірден алынған. Ауылда тұратын қарапайым әйелге жерлестері дауыс беріп, әкім етіп сайлайды.

Ернат Байұзақ, «Әкім Әйел» фильмінің режиссері:
-Жалпы жеңіл жазылып шықты. Комедия тақырыбы болғаннан кейін біз барынша кино заңдылықтарын , сценарий жазу барысындағы кейбір өзгеріске ұшырауға болмайтын заңдылықтарын қолдануға тырыстық. 

Кинодағы әйел бейнесін Нұргүл Мыңғатова ойнайды. Дарынды актриса бұған дейін «Япыр-ай» фильміне және «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Келінжан» сериалына түсіп, ел ықыласына бөленген.

Нұргүл Мыңғатова, актриса:
-Бұл фильмнен кейін мен ойлаймын көп сұрақ келеді. Неге сіздер әйел адамды ол жағынан көрсеткілеріңіз келді, не айтқыларыңыз келді дегендей. Бірақ та Алла қаласа фильм шыққаннан кейін адамдар көріп көп нәрсені түсінеді деп ойлаймын. Қазір бәрін ашып айтпай-ақ қояйын, қызық болмай қалады. Мен ойлаймын осы жақсылықпен басталды ма, осы жақсылықпен аман-есен аяқтап, халықтың көңілінен орын табады.

Фильмнің сценарийін жазған Анар Фазылжан. Комедиялық жанрдағы киноға белгілі комик актер Қылышбек Қасымбеков та түседі. Түсірілім бір айға жалғасып, экранға келесі жылы көктемде шығады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Сондай-ақ...