МӘМС жүйесі енгізілгелі саланы қаржыландыру 80% өскен
«Жүйе енгізілгелі қымбат тұратын зерттеулер, КТ, МРТ қызметтері еліміздің барша азаматтарына қолжетімді болды», — дейді мамандар. 2020 жылға дейін бұл тек әлеуметтің осал тобына жататын 8 санатқа тиесілі болған.
Айдын Ашуев, «Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру Қорының» басқарма төрағасы:
-МӘМС жүйесін енгізу арқылы келесі мақсаттар көзделген: медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемін арттыру, халықтың қалта шығындарын азайту, халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, медициналық қызметкерлердің жалақысын арттыру, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесін кеңейту.