Қарағанды облысында сақ дәуіріне тиесілі адам қаңқасы табылды
Жақсы сақталған мүрденің жанынан қола айна мен маржандар табылған. Қаңқаның анатомиялық бүтіндігі ғалымдардың таңданысын тудырып отыр.
Түлкібай Төлеуов, облыстық Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:
-Сақ дәуірінің қорғаны мен Түркі дәуірінің қорғанының қатар жатқаны – ұрпақ сабақтастығы, бір-біріне жалғасып келе жатқан қазақтың тарихы. Бірақ ол – бірінші далалық визуалды тұжырымдар. Қалғанын толық зерттеп, басқа қорғандармен салыстырған соң нақты тұжырымы шығады.