«Қазақстан халқына» қоры Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге жәрдем береді
Яғни баспанасыз қалған азаматтардың жаңа үйлері салынып біткен соң, жиһаз бен техникаларды қор сатып алып береді. Бұл туралы Болат Жәмішев мәлімдеді. Оның айтуынша, жақын арада жауапты мамандар бөлінетін қаражаттың сомасын есептеп, жариялайды. Айта кетерлігі, «Қазақстан халқына» қоры құрылған сәттен бастап оның шотына 150 млрд теңге түсті.
Болат Жәмішев «Қазақстан Халқына» қорының басқарма төрағасы:
-Біз облыс әкімдігімен келісіп, тұрғындар жаңа баспаналарына көшкен кезде үй ішіне керек дүниелерді алып береміз деп келістік. Өйткені олар өрт кезінде бүкіл мүлкінен айырылғанын түсініп отырмыз. Әзірге берілетін қаражат сомасы белгіленген жоқ. Бірақ бұл қаражат зардап шеккендердің барлық қажеттілігінін қамтиды деген ойдамыз.